• Басты бет
  • /
  • Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні - бостандық пен бірлікті бейнелейтін, әрбір қазақстандыққа ерекше қымбат ұлы мереке. Тәуелсіздіктің арқасында Қазақстан мықты және гүлденген мемлекет құрудың орнықты жолына түсті.
Тәуелсіздік күніне орай мектеп кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мұнда мемлекеттің қалыптасуының түрлі кезеңдеріне сәйкес келетін кітаптар ұсынылған; Қазақстан Республикасының егемендігі тарихының айтулы сәттері туралы әңгімелеу біздің өткеніміздің жарқын жақтарын бейнелейді.